|
24.09.2020 | 17:39
1133

Банан экспорты 30 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

Банан өсіп жатқан 83 мың гектар аумақты басып қалған

trend.az

Халықаралық сарапшылар әлемде банан жемісінің тапшылығы болады деп болжап отыр. Оған Эквадордағы Сангай жанартауы себеп, деп хабарлайды Almaty.tv.

20  қыркүйектен бері биік шыңнан атқылап жатқан магма банан өсіп жатқан 83 мың гектар аумақты басып қалған. Жергілікті тұрғындардың  айтуынша, күлдің түтіні 10 шақырым биіктікке көтеріліп, Боливар, Гуайяс, Лос-Риос және Чимборасо провинциларының ауыл шаруашылық саласына айтарлқытай залал келтірілді. Тіпті елдегі Гуаякиле халықаралық әуежайын жабуға тура келген.

 Төтенше оқиғаның салдарынан әлемдегі банан экспорты 30 пайызға дейін төмендеуі мүмкін, дейді осы салада тер төгіп жүрген мамандар. Себебі Эквадор бүгінде әлем нарығындағы бананның ең ірі экспорттаушыларының бірі. Латын Америкасындағы мемлекеттен тропикалық жемістер Ресей, Еуропа, Казақстан және таяу шығыс елдеріне жеткізіледі. Сарапшылардың есебінше, экспорт көлемі шамамен бір жарым миллион қорапқа азаяды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир