|
29.09.2020 | 21:30
2118

Қазақстанда қанша қар барысы бар

Бүкіл әлемде 4 мыңға жуық Ірбіс қалса, оның 130-ы ғана Қазақстанда мекендейді

Алтынемел ұлттық саябағында қар барысы фотоқақпанға түсіп қалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Видеода жойылып кету алдында тұрған жыртқыш аңның камера алдында ұзақ тұрғанын байқауға болады. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі бұған дейін де көктемде «Сайрам Өгем» ұлттық паркінде орналасқан фотоқақпанда көрінген болатын. Министрдің сөзінше, бүкіл әлемде 4 мыңға жуық Ірбіс қалса, оның 130-ы ғана Қазақстанда мекендейді. Осындай сирек кездесетін жануарды қорғау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы Қазақстанның 13 аймағына 294 фотоқақпан орнатқан.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир