|
27.07.2021 | 21:52
1095

Алмалы және Әуезов аудандарының тұрғындары аумақтағы скверлер мен бау-бақшаны суарды

Игі іске ат салысқан еріктілер мен қала тұрғындарының айтуынша, адамзатқа оттегін бөлуші өсімдіктер, біріншіден, ауа тазалығы үшін кәдеге жараса, екіншіден, қаланың сәнін келтіретін табиғи ресурс

Алмалы және Әуезов аудандарында да жасыл желектерді күннің аптап ыстығынан аман алып қалу мақсатында белсенділер мен жергілікті тұрғын бір ортаға жұмылып, аумақтағы скверлер мен бау-бақшаны суарды. Игі іске ат салысқан еріктілер мен қала тұрғындарының айтуынша, адамзатқа оттегін бөлуші өсімдіктер, біріншіден, ауа тазалығы үшін кәдеге жараса, екіншіден, қаланың сәнін келтіретін табиғи ресурс. Дәл осы жасыл желекті жаппай суару шарасына Almaty.tv тілшісі Оразай Нұртай барып қайтқан еді. Сюжетке зер салайық.

Алмалы ауданының тұрғыны Любовь Радченко күннің аптап ыстығына қарамастан өз ауласындағы гүлдерді қурап кетуден сақтап отыр. Таң ата бастаған сәтте, міндетті түрде қажетті құралдарын сыртқа шығарып, жасыл желекті молынан суарып, түбін түптеп, қопсытатын көрінеді.

«Бұл ауланы өзіміз, яғни мен суарамын. Бұл мен үшін мақтанатын дүние емес, әр адамның өзіндік мәдениеті деп айтқым келеді. Сондықтан өзге қала тұрғындарын жасыл желекті күте білуге шақырамын», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Любовь Радченко.

Ал, Әуезов ауданында еріктілер мен халық бір кісідей жұмылып, скверлерді суарды. Әкімдік мамандарының айтуынша, бұл бүгінмен тоқтап қалмайды. Керісінше игі іске қосымша көмек ретінде белсенділер атсалысады деді.

«Бүгінде  жоспарлап отырған 7-8 нүктелеріміз бар. Ақсай-2, Ақсай-4 парктері, сондай-ақ Шалова, Төле би-Фуркатов, Саин деген сияқты магистральді көшелерде бүгін мердігер компаниялармен бірігіп суару жұмыстары жүргізілетін болады», – деді Әуезов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мақпал Ешенова.

Қарт Алатаудың баурайында орналасқан әсем қаламыз Алматының тұрғындары шілденің шіліңгір ыстығына қарамастан бақшаны күніне 2 рет суарады екен. Соның арқасында өздеріңіз көріп тұрғандай, жайқалған гүлдер мен тамырын кеңге жайған ағаштар өсіп жатыр.

Оразай Нұртай, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир