|
14.12.2019 | 00:27
1021

Республикалық бюджеттің 69 млрд. теңгесі игерілмеген

Премьер-министр алдағы бір апта ішінде барлық министрліктер мен әкімдіктерге толық игеруді қатаң тапсырды

Ол туралы бүгін еліміздің премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазына қаражатының игерілмеуіне жол берген әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары сынға ілікті. Бөлінген ақшаны игермеген ведомстволар көшін Экология, геология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктері бастап тұр.

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы, сіздерде 12 млрд.теңге қаражат игерілмеген», - деді Асқар МАМИН.

«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, 11 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген сома 12 млрд теңгені құрады. Мұның негізгі себебі, вегитациялық кезең аяқталғаннан кейін дренаждық жүйелерді реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды. Алайда желтоқсан айында игеру деңгейі күшейтілді. Бүгін жеткізушілер орындалған жұмыстардың барлық актілері бойынша қазынашылық органдарына төлемдер жолданды. Және жылдың қортындысы бойынша 99 пайызға жетеміз деп ойлаймын», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Ал, аймақтар бойынша, Түркістан облысы мен Шымкент қалалары бөлінген қаржыны игере алмай жатыр. Премьер-министр алдағы бір апта ішінде барлық министрліктер мен әкімдіктерге толық игеруді қатаң тапсырды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир