|
09.12.2021 | 09:39
901

Әсет Ерғалиев: Экономиканың өсу қарқыны 3,8%-ға дейін жеделдеді

Осы жылдың 11 айында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсеткен

© CC0 / Edar

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасының жай-күйі қандай екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik  сайтына сілтеме жасап.


"Биыл қаңтар-қараша айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,8%-ға дейін жеделдеді", - деді ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында.

Айтуынша, есептік кезеңде нақты сектордағы өсім 2,9%-ды құраған. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін артты.


Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетіп жатыр.


Сондай-ақ 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда тауар айналымы 14,1%-ға өсіп, 82,2 миллиард долларға жетті. Оның ішінде экспорт көрсеткіші 23,5%-ға өсіп, 49,1 миллиард долларға дейін ұлғайды. Бұл ретте, өңделген тауар экспорты 24,4%-ға артып, 15,5 миллиард долларды құрады.


Тауар импорты 33,1 миллиард доллар болды.


Министрдің сөзінше, жалпы оң сауда балансы өткен аймен салыстырғанда 2,2 миллиард долларға өсіп, 16 миллиард долларды құрады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир