|
12.05.2022 | 10:53
639

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 4,4% өсті

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалуда

Фото: ашық дереккөзден

Қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының бірқатар саласында өсім байқалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% болды. Негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда», – деді Ә. Қуантыров. 

Министрдің айтуынша, нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайған. 

«Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,3%-ға жетті. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,7%-ға жетті», – деді ол. 

Инвестициялар білім беруде – 87%-ке, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 74,1%-ке, құрылыс саласында – 61,9%-ке, ғылыми және техникалық қызметте – 53,7%-ке өскен. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, Ақмола облысында және Алматы қаласында байқалуда.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

көрсеткіш
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир