|
21.02.2020 | 11:08
2742

Қазақстанда қаңтардың қорытындысы бойынша темекі бағасы 10 пайызға өсті

2019 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында темекінің 17,4 миллиард данасы өндірілген

newsae.ru

Қазақстанда қаңтардың қорытындысы бойынша темекі бағасы 10 пайызға өсті,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2020 жылдың қаңтарында шылым мен темекі өнімдері 26,5 пайызға артқан, 521,2 миллион данасы өндірілген. 2019 жылы дәл сол кезеңде өнім 33,5 пайызға аз болған еді.

2019 жылдың қаңтары мен желтоқсаны аралығында темекінің 17,4 миллиард данасы өндірілген - бұл алдыңғы жылға қарағанда 4,1 пайызға аз.

Биыл қаңтарда темекі қымбаттаған. Темекінің бір қорабының орташа бағасы 10,4 пайызға өскен, бұл - 452,5 теңге.

Қазақстанда темекі бағасы жоғары аймақ - Ақтөбе, оның орташа құны 485 теңге. Нұр-Сұлтан (бір қорабы 478 теңге), Қостанай (476 теңге), Ақтау (471 теңге) және Көкшетауда да (468 теңге) темекі құны орташа бағадан жоғары.

Ал темекі ең арзан аймақтар - Талдықорған (423 ттеңге), Атырау (433 теңге) және Петропавл (439 теңге).

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир