|
19.05.2022 | 11:54
1656

Қаржы министрі 0,1 пайыздық кредиттер кімге берілетінін айтты

Министрдің айтуынша, 0,1 пайыз бұл тым төмен мөлшерлеме емес

Sputnik / Наталья Селиверстова

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік кредитердің не себепті төменгі мөлшерлемемен берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер әлеуметтік желіде тараған Үкімет басшысының қаулысына түсініктеме беруді сұрады. Осы құжатта бюджеттік кредиттер туралы жазылған. Мөлшерлемесі өте төмен, небәрі 0,1 пайыз. Ондай кредиттер "Бәйтерек" ұлттық холдингі арқылы сан алуан жобаларға таратады.

Мәселен, 55 миллиард теңге жүк көліктерінің жетекші белдемелерінің арқалықтарын көбірек шығаруға бөлінді деген мәлімет бар.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай бюджеттік кредиттердің бар екенін растады.

Оның айтуынша, бюджет қаржысы алдымен квазимемлекеттік компанияларға бөлінеді. Олар өз кезегінде тағы қосымша қаражат тартып, кәсіпкерлерге төмендетілген мөлшерлемемен кредит бере алады.

"Бюджеттік кредиттер алдымен квазимемлекеттік ұйымдарға беріледі. Ол "Бәйтерек" холдингі немесе Қазақстанның даму банкі болуы мүмкін. Олар өз кезегінде нарықтан тағы кредит алады да, барлық ақшаны араластырады. Сосын нақты секторға жеңілдетілген кредит береді", - деді Жамаубаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, 0,1 пайыз бұл тым төмен мөлшерлеме емес. Себебі бюджеттік кредиттің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге қарызға берілген ақшаның мөлшерлемесін барынша азайту.

"Қазіргі кезде нарықтағы теңгемен берілген кредиттің мөлшерлемесі 15 пайыздан жоғары. Кәсіпкерлер қиналып жатыр. Біз олардың қолдауымыз керек қой. Банктер кредит бермей жатса, экономика қалай дамиды? Жұмыс орындары қалай ашылады? Өндіріс орындары қалай жұмыс істейді? Оларға айналма ақша керек. Осыған байланысты біз жеңілдетілген процентпен алдымен квазимемлекеттік секторға бөлеміз. Соның арқасында кәсіпкерлер төмен мөлшерлемемен кредит ала алады", - деп атап көрсетті Жамаубаев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир