|
15.11.2019 | 11:58
4425

Теңгенің туған күні: ұлттық валютамыздың айналымға енгеніне 26 жыл!

Алғашқы төл теңгеміз Ұлыбританияның әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты

Осыдан 26 жыл бұрын 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Араға үш күн салып, Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1992 жылдың 27 тамызында Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне ұлттық валютаны әзірлеуге кіріскен Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. Алғашқы төл теңгеміз Ұлыбританияның әйгілі  «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты.

Осылайша, Қазақ даласының ұлы тұлғалары Әл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы теңгелер жарыққа шықты. Олардың айналымға түскені шын тәуелсіздіктің көрінісі болды.

2006 жылы 15 қараша күні ұлттық валютамыздың жаңа дизайнмен әрленген 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары айналымға енді. Дизайн мемлекеттік рәміздерді, еліміздің сәулет нысандары мен табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қазақстанның осы заманғы бейнесін береді. 2007 жылдың мамыр айында Тайландта өткен валюта конференциясында 10 мыңдық теңгеміз «Үздік жаңа банкнот» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды.

Ал теңгенің 20 жылдығына 20 мыңдық банкноттар жасалды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир