|
26.02.2020 | 14:25
1730

Қазақстандықтар қаңтар айында 346 млрд теңге несие алған

Алматы тұрғындары 472 миллион теңге несиені шетел валютасымен алған

Almaty.tv

Оның 320 млрд теңгесі ұзақ мерзімді несие болса,  25 млрд теңгесі қысқа мерзімге арналған. Бұл туралы ұлттық банк сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Биылғы тұтынушылық несиенің 131 млрд теңгесі Алматыда, 30 млрд теңгесі Нұр-Сұлтанда, 24 млрд теңгесі Шымкентте, 20 млрд теңге Қарағанды облысында берілген. Сонымен бірге, шетел валютасы түрінде берілген қысқа мерзімді тұтынушылық несиелер тек Алматыға тиесілі екен. Қала тұрғындары  472 миллион теңге несиені шетел валютасымен алған. Сондай-ақ, Алматы облысының азаматтары 17 миллион теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысы 15 миллион теңге және Ақмола облысының тұрғындары 11 миллион теңге өзге валютамен несие рәсімдеген.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

несие миллион
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир