|
20.02.2020 | 14:34
1528

Қазақстанда ет күрт қымбаттады

Елімізде ірі қара мен ұсақ малды шетелге тірідей шығарып сатуға тыйым салынған болатын

Energyprom.kz порталының мәліметінше, былтырғы инфляция көрсеткіші 5,6 пайызды құраған. Осыған байланысты азық-түлік құны 9,2 пайызға артты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Ал, ет өнімдері бірден 13 пайызға шарықтады. Адамдар көп тұтынатын сиыр еті 16,5 пайыз, қой еті 16,2 және жылқы еті 14,5 пайызға көтерілді.

Еске сала кетейік, мал шаруашылығы – елдің аграрлық секторының басым бағыты. Саланы дамытуға жыл сайын 116 миллиард теңге, оның ішінде, мал шаруашылығын ілгерілетуге 60 миллиард, ал ет өнімдеріне 56 миллиард теңге жұмсалады. Жақында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі ірі қара мен ұсақ малды шетелге тірідей шығарып сатуға тыйым салған болатын.

Қазақстандағы ет өнімдерінің бағасы

сиыр еті - 16,5 %

қой еті - 16,2 %

жылқы еті - 14,5 %

Ауыл шаруашылығын дамыту - 116 млрд тг

60 млрд тг - мал шаруашылығына

56 млрд тг - өнім алуға

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир