|
30.11.2021 | 15:06
668

Елімізде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар банктерге 17 трлн теңге қарыз

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 410,7 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды

pixabay.com

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,4%-ға, былтырмен салыстырғанда 19,1% көбейіп, 2021 жылғы қазанның соңында 17 201,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 270,8 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға – 9 931,0 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 410,7 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды.

Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,5%-ға өсті.

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 791,1 млрд теңгеге дейін 7,4%-ға төмендеді.

Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 7,4%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 6,7%-ға азайды.

2021 жылғы қазанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 14 846,2 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 355,6 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қазанда 3 258,1 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 44,8%-ы).

Корпоративтік секторды сала бойынша бөлуде банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 32,9%), сауда (22,0%), құрылыс (7,6%) және көлік (5,5%) сияқты салаларға тиесілі.

2021 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0% (2020 жылғы қазанда – 11,8%), жеке тұлғаларға – 18,1% болды (16,9%).

Дереккөз: naryk.kz

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир