|
19.08.2021 | 16:06
827

Brent маркалы мұнай бағасы 67 доллардан түсті

Бұл алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен 2,11%-ға төмен

Фото: ашық дереккөзден

Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 66,99 долларға дейін 2,18%-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл қор биржаларындағы сағат 13:00-дегі сауда алаңының мәліметтерінде көрінді. Соңғы рет Brent бағасы 24 мамырда барреліне 67 доллардан төмен болған. Елорда уақытымен 13:25-те Brent құлдырауды тездетіп, барреліне 66,79 доллар деңгейінде саудаланды, бұл алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен 2,11%-ға төмен. WTI маркалы мұнай барреліне 63,53 долларға дейін арзандады (- 2,52%).


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир