|
21.09.2021 | 16:36
731

Қазақстандықтар тамыз айында 2,4 мыңнан астам алтын құйма сатып алды

Алтын құймалары 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес салмақта сатылған

turkystan.kz

Ел тұрғындары 2021 жылдың тамыз айында 2400-ден астам алтын құйма сатып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың тамыз айында қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 113,7 келі 2460 өлшемді құйма сатып алды.

Алтын құймалары 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес салмақта сатылған. Соның ішінде ең көп сатылғаны 10 грамдық құйма. Негізінен, өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады.

Қорғаныш орауы құйма сапасының сертификатын білдіреді.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық анктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ айырбастау пунктерінен сатып алуға және оларды қайта өткізуге болады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир