|
11.08.2021 | 20:56
1553

Елімізде пияз бен қырыққабат бағасы қаншаға қымбаттады

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты

Елімізде пияз бен қырыққабат бағаларының өсуі әлі де байқалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның сөзінше, жыл басынан бері 1 килограмм пияздың бағасы 29%-ке немесе 23 теңгеге қымбаттаған. Қырыққабаттың бағасы 20 теңгеге көтерілген. Ал, сәбіз бағасы егін жинау кезеңінде түседі деп сендіреді. 

«Маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер, импортқа тәуелді өнімдер, сондай-ақ жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар ең жоғары өсім көрсетті. Өңірлердегі қалыптасқан жағдай бойынша, ең жоғарғы өсім 12,0% Түркістан облысында, 11,6% Нұр-Сұлтан қаласында және 11,4% Қарағанды облысында тіркелді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир