|
10.12.2019 | 22:41
1426

Асқар Мамин АҚШ-қа сапары аясында америкалық агробизнес өкілдерімен келісімге келді

Құжат Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды көздейді

Американың агробизнес көшбасшылары «Tyson Foods» және Valmont Industries компаниялары Қазақстанға инвестиция салады. Еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында америкалық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын және суару жүйелері өндірісін ашу туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бұл құжат бірінші кезеңде Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 2 мыңға жуық мал басын құрайтын заманауи ет өңдеу кешенін салуды көздейді. Кәсіпорын отандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді, осылайша, елдегі жылдық ауыл шаруашылығы кірісін 1 миллиард доллардан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

«Tyson Foods – әлемге әйгілі бренд. Олар құс, сиыр, доңыз етін әлемнің 68 еліне экспорттайды. Бүгінгі күні бұл ең танымал брендтердің бірі. Жалпы алғанда, Tyson Foods компаниясы Қазақстанда үш зауыт салғысы келеді. Бірінші зауыт - тәулігіне 2 мың бас ірі қара мал. Әрбір зауытқа жалпы инвестициялар $1 млрд 250 млн құрайды деп жоспарлануда, 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады және тиісінше сиыр еті бойынша жаңа нарық ашылады деп жоспарлануда», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан ОМАРОВ.

«Бізге ірі қара мал өндірісін  қажетті мөлшерге дейін ұлғайту қажет, сондай-ақ өнімді және малды тасымалдау, орналастыру бойынша инфрақұрылым құру жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Сондықтан, мен соңғы 20 жыл ішінде салынған көптеген инфрақұрылым бар екенін білемін, бірақ осы бизнесте маман бола отырып, бізге көбірек инфрақұрылым орнату қажет деп есептеймін», - деді Tyson Foods компаниясы бөлімшесінің директоры Стив СТОУФФЕР.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир