|
28.05.2020 | 23:14
1470

Коронавирус: Отандық туризм 80 пайыз кірістен айырылды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлімдеді

aikyn.kz

Отандық туризм коронавирус кесірінен кірістің 80 пайызынан айырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы туризм саласы қызметтерінің экспорт көлемі 2 жарым млрд АҚШ долларына жеткен. Осыған байланысты ел Үкіметі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және туристік қоғамдастықтың ұсынысы негізінде туризм саласындағы субъектілерді мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар жедел шара әзірлепті.

«Туризм, тамақтандыру және қонақүй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлік салығын төлеуден босатылады. Осы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін шағын және орта кәсіпорындар үшін жалақы қорынан салықтар мен басқа төлемдерді есептеу және төлеу алынып тасталды», – деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы  Дастан РЫСПЕКОВ.

Ал, еліміздегі көктемгі егіс және егін жинау науқанына 70 млрд теңге бөлінді. Бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда 10 миллиардқа жоғары. Осылай деген Ауыл шаруашылығының министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 7-ден 5 пайызға дейін төмендегенін жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қосымша 100 млрд теңге бөлінді. Жалпы фермерлердің қаражатқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін арзандатылған сыйақы бойынша қаржыландыру және фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алу сияқты құралдар қарастырылған», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек САПАРОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир