|
14.06.2022 | 22:25
1028

Арнайы сұхбат: Елді газбен қамту жыл соңына дейін 58 пайызға жетеді

Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді

Almaty.tv

Елді газбен қамту жыл соңына дейін 58 пайызға жетеді. Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2022 жылдың қорытындысы газдандыру деңгейін 58,43 пайызға жеткізу жоспарланған. Алматыдағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 көгілдір отынға көшіру де сұранысты едәуір арттырмақ.

«Сондықтан егер біз газды экспорттауды толық алып тастасақ, онда бағаларға жеңілдік жасап, ұстап отыра алмаймыз. Халыққа зияны тимес үшін арнайы сараланған баға белгілеуге тура келеді. Яғни тұтынушылардың жеке тобына арнайы құн енгізу қажет болады», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Қазақстанда атом электр стансасы қандай технологиямен салынады? Электр энергиясының бағасы өсе ме? Елді газбен қамту мәселесі қалай шешіледі. Осы және өзге сұрақтарды төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир