|
06.04.2020 | 08:25
1112

Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді

Қазақпарат

Осыдан 10 күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі бойынша індет жұқтырғаны белгілі болған. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» - деп мәлім етті Даунинг-стриттен. Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир