|
31.03.2020 | 08:45
1410

Мәскеуде коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды

Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында

otvet.mail.ru

Ресей астанасында коронавирус жұқтырған және созылмалы дертке шалдыққан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасынан хабарланған.

«Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға «пневмония» диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан», - деді штаб өкілдері. Сонымен қатар қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе сияқты аурумен ауырғандары да белгілі болды. Екі адамда қант диабеті болған.

Пациенттердің екеуі тыныс алу аппаратына қосылған. ТАСС агентігінің жедел штаб мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеуде осыған дейін коронавирус жұқтырған және өзге де аурулары бар 7 азамат қайтыс болды. Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир