|
06.04.2020 | 08:53
2108

Дүниежүзінде коронавирусқа шалдыққандар саны 1,2 млн адамнан асты

Көптеген елдерде жаңа вирусты жұқтыру оқиғалары жоғары қарқынмен артып келеді

nypost.com

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап өсіп келеді. Соңғы деректерге қарағанда, бұл көрсеткіш 1 272 115 адамға жеткен, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Көптеген елдерде жаңа вирусты жұқтыру оқиғалары жоғары қарқынмен артып келеді. Соңғы бірнше аптада бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр. Ел аумағында инфекцияға шалдыққандар саны 337 072 адамға жеткен.

Сондай-ақ науқастар саны Испанияда да артып келеді. Қазіргі уақытта ол жерде қатерлі дертке шалдығудың 131 646 дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш бойыша үшінші орында Италия тұр – 128 948 науқас. Сондай-ақ бұл ел аурудан көз жұмғандар саны бойынша көш басында. Мәселен, Америка мен Испанияда 9,6 және 12,6 мың науқас жаңа вирустың құрбаны болса, Италияда бұл көрсеткіш 15,8 мыңнан асады.

Сонымен қатар, науқастар саны Германияда да күн санап артып келеді – 100 123 адам. 1,5 мың науқас қатерлі дерттен көз жұмды. Бұдан бөлек, Францияда да коронавирусқа байланысты жағдай қиындап барады. 93 773 адам инфекция жұқтырса, 8 мыңнан астам науқас қайтыс болған. Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 584 адамға жеткен.

Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир