|
05.08.2021 | 10:48
753

Әлемде КВИ жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты

COVID-19 инфекциясынан туындаған асқынулар салдарынан 4 252 873 адам қайтыс болған

Фото: ашық дереккөзден

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде 200 миллионнан аса жағдай тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

COVID-19 дерегінің көпшілігі АҚШ-та (35 миллионнан аса), Үндістанда (31,8 миллион), Бразилияда (20 миллион), Ресейде (6,27 миллион), Францияда (6,27 миллион) және Ұлыбританияда (6 миллионға жуық).

Жалпы, әлемде COVID-19 инфекциясынан туындаған асқынулар салдарынан 4 252 873 адам қайтыс болған.

Университет мәліметінше, қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 228 884 979 дозасы бар.

Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс кедей мемлекеттер өз азаматтарына вакцина жетіспеген жағдайда, кем дегенде алғашқы компонентін алатындай етіп қайта вакцинациялауға уақытша мораторий енгізуге шақырған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

коронавирус
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир