|
13.03.2020 | 12:36
3682

Жұма намазы алдында айтылатын уағыз уақытша тоқтатылады

Сондай-ақ мешітке бетперде киіп келуге және балалар мен егде жастағы кісілерді ертіп келмеуге кеңес берілді

Muftyat.kz

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы короновирустың алдын-алу шараларына орай жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады. Үндеуде жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20 наурыздан бастап уақытша тоқтатылатыны айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ мүмкіндігінше үйден дәрет алып, мешітке медициналық бетперде киіп келуге және балалар мен егде жастағы кісілерді ертіп келмеуге кеңес береді. Бұл індеттің өршіп тұрған кезінде халықты мешітте мейлінше көп ұстамау дейді муфтият өкілдері.

«Намаздың уақыты бұрынғыдай 13:20 емес қазір кіре сала азан айтылады. Ал 20 наурыздан бастап, 13:05-те азан айтылып, сол уақытта парыз намазы қысқа сүремен оқылады. Және құтпа бұрынғыға қарағанда қысқаратын болады. Парыздан кейінгі сүннет намаздары қысқарып, дұға-тілектерді де қысқартып жасайтын болады. Намаздан кейінгі зікірлеріміз бар. Құран оқу бар. Оның барлығы да уақытша тоқтатылады. Және намаздан кейін бір-біріне тілек тілеп, амандасып тарқайтын. Бұл шарада уақытша тоқтатылатын болады», – деді қалалық орталық мешітінің бас имамы Еркінбек ШОҚАЕВ.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир