|
13.03.2020 | 13:07
1902

Коронавирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 134 мың 554-ке жетті

Жалпы індет әлемнің 127 еліне тараған

Аlmaty.tv

Италияда аталған ауру өршіп тұр. Онда 15 мың 113 адамнан вирус анықталыпты. Осыған орай Италия билігі барлық мейрамхана мен дүкендердің жұмысын тоқтатуды ұйғарған. Тек азық-түлік пен дәріханалар ғана ашық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, Иранда 10 мыңнан астам азамат жұқтырса, оның 429-ы көз жұмған. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандардың саны 8000-ға жуықтады. Қазір вирус Еуропа елдерінде тез тарауда. Италиядан бөлек Франция, Испания және Германияда да көп анықталып жатыр. Ал, Қытайда коронавирустың беті қайтқан секілді. Соңғы тәулікте дертті жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Ауырған 80 мыңнан астам адамның 62 мың 793-і айығып кетіпті.

Қазақстанда қауіпті дерт анықталмады. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрілер жеткілікті. Оқшаулау орындары мен дәрігерлер де сақадай сай. Өзге де ақпаратты аталған министрліктің ресми сайтынан көре аласыздар.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир