|
13.03.2020 | 13:56
2155

Ер азамат коронавирусты жұқтырмаудың ерекше әдісін ойлап тапты

Ер азамат түсірілген видео Twitter желісінде таралған

Bernd Thissen / TASS

Италияның тұрғыны коронавирусты жұқтырмау үшін ерекше айла қолдануды жөн көріпті. Өзін басқаларынан алшақ ұстау мақсатында ол беліне картоннан жасалған шеңбер киіп алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сәлтеме жасап. 

Ер азамат түсірілген видео Twitter желісінде таралған. Ол беліне үлкен қағаз диск киіп алып Римде қыдырып жүріпті. Оның бұл қылығы әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын күлдірді.

Бейнежазбаға түсірілген ер азаматтың «коронавирус жасасын» деген даусы естіледі.

Атап кетерлік жайт, қазір Италия бүкіл мемлекет бойынша карантин жариялаған еді. Қазіргі таңда бұл мемлекетте 12 мыңнан астам науқас тіркеліп, олардың 827-і коронавирустан көз жұмған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир