|
17.03.2020 | 14:55
1664

Эпидемиологтар халыққа қандай кеңес берді

Сондай-ақ қоғамдық көліктерді пайдаланудан бас тартыңыз

Xiao Yijiu / Globallookpress

Эпидемиологтар халықты тазалыққа шақырып, әркім өз денсаулығы үшін тазалық шараларын қатаң ұстануға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Әр адам короновирус дертінің алдын алуы үшін төмендегі нұсқаулықты қатаң ұстанғаны жөн: дене қызуын күніне екі рет өлшеп, бөлмені кемінде екі рет желдету, қолды сабынмен жиі жуу, жеке гигиенены сақтап, тамақтанғанда жеке ыдысты қолдану, респираторлық аурулардың белгілері байқалған жағдайда медициналық маска киіп, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет. Лас қолмен көзді, мұрынды, бетті ұстамай, құрамында спирті бар дезинфекциялық заттарды жиі қолданған жөн. Сондай-ақ, суық тию белгілерін байқаған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну және жөтелгенде, не түшкіргенде бір реттік майлықтар қолданыңыз. Егер үй карантиніне жабылған болсаңыз таза ауамен желдетілетін бөлмеде болғаныңыз дұрыс және адамдармен байланыс жасамау керек. Сондай-ақ қоғамдық көліктерді пайдаланудан бас тартыңыз.

НҰСҚАУЛЫҚ:

– дене қызуын күніне екі рет өлшеу қажет;

– бөлмені кемінде екі рет таза ауамен желдетіп отыру керек;

– қолды сабынмен жиі жуып, кем дегенде 20 секунд мұқият тазалау керек;

– жеке гигиенены сақтап, тамақтанғанда жеке ыдысты қолдану қажет;

– суық тию белгілері болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек;

– респираторлық аурулардың белгілері байқалған жағдайда медициналық маска киіп жүріп, оны 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет;

– жөтелгенде немесе түшкіргенде бір реттік майлықтар қолдану керек;

– лас қолмен көзді, мұрынды, бетті ұстамау керек;

– құрамында спирті бар дезинфекциялық заттарды қолдану қажет;

– респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға жақындамаған дұрыс;

– адамдар көп жиналатын жерлерге бармау керек;

– қоғамдық көліктерді пайдаланудан бас тартыңыз;

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир