|
14.03.2020 | 14:56
1524

Алғаш короновирус жұқтырған 4 адамның жағдайы қанағаттанарлық

Ал ұшақта бірге болған 68 жолаушының 40-ы Алматыдағы медициналық мекемелерге карантинге жатқызылды

Vesti.kg

Олардың үшеуі Германиядан, бірі Италиядан келген. Қазір инфекция жұқтырғандар Алматы мен Нұр-Сұлтанда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал ұшақта бірге болған 68 жолаушының 40-ы Алматыдағы медициналық мекемелерге карантинге жатқызылса, 24 адам жедел іздестірілуде. Мамандар қажетті дәрі-дәрмек қоры, қорғаныс құралдары жеткілікті деп отыр.

Еске сала кетейік, 9 және 12 наурызда Германиядан 46 және 36 жастағы қос азамат ұшып келген болатын. 13- наурыз күні олардың короновирус жұқтырғаны анықталды. Үшінші науқас Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына жеткен еді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир