|
17.03.2020 | 15:03
1503

Төтенше жағдайды пайдаланып,пайда табушыларға жол берілмейді

Бұл жөнінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді

gubdaily.ru

Төтенше жағдай кезінде азаматтардың арқасында пайда табуға жол берілмейді. Азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасын негізсіз шарықтатқандарға қатысты шаралар қолданылып, Үкімет шекті бағалар бекітеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сатушылар мен алып сатар ұн, макарон, қант және басқа да тауарлардың бағаларын көтергісі келгендерге біз тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Бұл үшін барлық тиісті мүдделер мен мүмкіншіліктер және инструменттер бар», – деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызды азық-түліктің 29 түріне күнделікті мониторинг жүргізуде. Анықталғаны, қазір өңірлік тұрақтандыру қорларындағы қоймаларда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 1,2 миллион тоннасы сақтаулы. Ол шамамен жарты жылға жеткілікті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир