|
01.04.2020 | 17:34
2644

Германияның Қазақстандағы елшілігінде мысық кеңесші қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Германия елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды

stan.kz

Германияның Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінде "Кокос" есімді мысық кеңесші лауазымына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қазақстандағы басқа да ұйымдар секілді Германия елшілігінің қызметкерлері COVID-19-дың таралуын алдын алу үшін үйлерінен жұмыс жасауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар үй жануарлары коронавирус жұқтырмайтынын анықтап отыр. Сол себепті біз елшіліктің қызметін өзгертуге бел будық. Енді елшілікте қалған қызметкерлермен бірге бірнеше мысық мекеменің жұмысын қадағалап отыр. Тіпті Кокос есімді мысық еңбексүйгіштігінің арқасында елшіліктің кеңесшісі лауазымына ие болды", - деп қосты елшілік өкілдері.

Бүгін 1 сәуір күлкі күнін екендігін ескере кетейік. Елшілік қызметкерлерінің дәл осылай қалжындағылары келуі мүмкін.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир