«Дельта» штаммы: Алматыда медицина қызметкері де, төсек орын да жеткілікті

28.06.2021 в 22:44

Алматыда науқастарға арналған 1730 төсек-орын, 2300 медициналық қызметкер бар

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы ӨКҚ-да өткен брифингте қаланың «қызыл» аймаққа оралуына байланысты медициналық мекемелердің дайындығы айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы ақшамы» газетіне сілтеме жасап.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының айтуынша, Алматыда науқастарға арналған 1730 төсек-орын, 2300 медициналық  қызметкер бар.

«3-4 түрлі сценарий бойынша дайындық жасалды. Ауру саны 400-ден асса, медициналық  қызметкерді тағы да көбейтеміз. Ал, егер науқастар саны 800-ден асса, медициналық  қызметкердің санын 6 мыңға жеткіземіз, 7 мың төсек орын болады», – деді Нариман Табынбаев.