|
25.06.2022 | 18:05
991

Қытайдың ірі әкімшілік аймағында карантин шаралары күшейтілді

25 маусымнан жергілікті билік Макао тұрғындарын коронавирусқа қарсы антигенге тексеру науқанын бастайды

ҚазАқпарат

COVID-19 індетіне байланысты Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі құмар ойын орталығы саналатын Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағында карантиндік шаралар күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бейсенбіден бастап Макаода ойын-сауық орындары, соның ішінде кинотеатрлар мен театрлар жабылды. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету қызметтері арқылы жұмыс істейді.

Жергілікті коронавируспен күресу және үйлестіру орталығының мәліметі бойынша, 25 маусымға дейін ПТР сынақтарынан өтпеген Макао тұрғындарына «денсаулық кодының» сары белгісі беріледі. Ережеге сәйкес, сары түсті «QR коды» бар адамдарға қоғамдық орындарға кіруге тыйым салынуы, қоғамдық көлікті пайдалануына және әкімшілік аумақтан шығуына тыйым салынуы мүмкін.

25 маусымнан жергілікті билік Макао тұрғындарын коронавирусқа қарсы антигенге тексеру науқанын бастайды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир