|
01.04.2020 | 19:38
1327

Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді

Коронавирус жұқтырып, мерт болғандар қалай жерленеді?

inbusiness.kz

Коронавирус жұқтырып, мерт болғандар қалай жерленеді? Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтып берді. Оның айтуынша, мәйітті ашуға мүлдем рұқсат жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Арнайы қаулымен коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Мүрдені ашуға болмайды. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне ең жақын деген туыстары мен бір дін қызметкері қатыса алады. Жерлеу рәсімі барлық санитарлық эпидемиологиялық қағидаларға сай жүргізіледі. Оны санитарлық эпидемиологиялық қызмет пен жергілікті атқарушы органдар жіті бақылауы тиіс», – деді ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА.

Бас санитарлық дәрігер, сондай-ақ, дертке шалдыққан 369 науқастың тек 91-і сырттан келген. Қалғандары ауырған адамдармен байланыста болғандар. Демек, инфекцияның ішкі таралуы жүріп жатқан көрінеді деді, Айжан Есмағамбетова. Сондай-ақ, маман вирус өте жұқпалы екенін айтты. Сондықтан барлық тазалық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир