|
19.04.2021 | 20:20
1683

Әскери қайраткер, полковник Ким Серікбайұлы коронавирустан қайтыс болған

Ким Серікбаев – Қазақстан Қарулы Күштерінің ардақты азаматы, әскери ғылымдардың докторы, елдің еңбек сіңірген қоғам қайраткері

Әлемді жайлаған індеттен бүгін әскери қайраткер, полковник Ким Серікбайұлы да қайтыс болды. Қаралы хабарды Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің әскери әлеуетін арттыру жолында өлшеусіз еңбек еткен тұлға өмірінің соңғы жылдары аталған ауданда Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған еді.

«Өлең айтқанда көзіне жас алып... Ол жүрегімен айтатын өлеңді, даусымен емес. Содан кейін, жастарды жақсы көретін. Өзінің мектебі болды, Бауыржан Момышұлының атын беріп кетті мектепке. Жаңалықты жақсы көретін, жаңалықтан қалғысы келмейтін», – деді Медеу аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары  Роза Кунирова.

Ким Серікбаев – Қазақстан Қарулы Күштерінің ардақты азаматы, әскери ғылымдардың докторы, елдің еңбек сіңірген қоғам қайраткері. Ол Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасын құрастырған автор еді. 87 жасында дүниеден өткен полковниктің артында 180-ге тарта кітабы мен көптеген ғылыми жұмыстары қалды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир