|
02.12.2020 | 21:25
1482

Жамбылда жыл соңына дейін коронавируске қарсы вакцина өндіретін зауыт іске қосылады

Ол туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты

ашық дереккөз

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы коронавируске қарсы вакцина өндіретін зауыт осы жылдың аяғында іске қосылады. Ол туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, ол жерде мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде институт бар. Олар қазір бруцеллезге, дерматитке, құс тұмауына байланысты вакцина шығарады. Енді жаңа зауыт бой көтеріп, кем дегенде 30 миллионнан 60 миллион дозаға дейін коронавирусқа қарсы вакцина шығарады деп жоспарланып отыр.

«Келесі жылы наурыз айында вакцина шығарады. Үкіметтің көмегі мен қолдауы бар. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдау үшін ол жерде тұрғын үй салынып жатыр. Бірінші 90 пәтерлік тұрғын үй келесі жылы пайдалануға беріледі. Қалған 2 үйдің құрылысын келесі жылы бастаймыз. Осындай вакциналарды шығару үшін жақсы мамандарды тартуымыз керек», – деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир