|
26.03.2020 | 22:56
1936

Алматыда қоғамдық қор қызметкерлері бетперде тігіп, мұқтаж жандарға тегін таратуда

«Алматы» арнасының журналистеріне де 100 бетперде тапсырды

matritca.kz

«Аналарға көмек» қоғамдық қоры  мен «Алатау аналары» қоғамдық қоры бетперде тігіп, мұқтаж жандарға тегін таратуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі істің мақсаты бетперде тігіп сатуды коммерцияға айналдырмау. Соңғы кездері бетперде сатуды бизнес көзіне айналдырғандар көбейді. Соның жолын кесуге сеп болсақ дейді қор қызметкерлері.  

Сонымен қатар, коронавируске қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген «Алматы» арнасының журналистеріне де 100 бетперде тапсырды.    

«Екі қоғамдық қор бірігіп, бір шешімге келдік. Коронавирус – еліміз үшін ауыр сынақ. Осы сәтті пайдаланып, біреулер пайда тапқысы келеді.  Қазақ жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Біз күн сайын бетперде тігіп, мұқтаж жаңдарға тегін таратып жатырмыз.  Соның ішінде  ПИК қызметкерлері де бар. Жүз пайыз таза шіт матадан тігілген, жуып, үтіктеп, қайта киюге болады. Қалада күнде дизенфекция жасалады, білесіз. Бетпердені жиі ауыстырып тұрмаса болмайды. Қазір біраз адам бетперде тігуді коммерцияға айналдырып жіберді, бизнес көзіне айналдырғандар көбейді. Сексен теңгеден санағанда, бір отбасында бес адам болса, бір күнде үш маска ауыстыратын болса, бір айда 96  мың теңгеге айналады екен. Азық-түлік алуға әрең қолы жетіп жүрген  мұқтаж жандар ол ақшаны қайдан алады?» – деді  «Аналарға көмек» қоғамдық қорының басшысы  Гүлдәурен Бақбергенова.  

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир