|
04.11.2020 | 23:18
1188

Коронавирусты қайта жұқтырмау үшін не істеу керек – маман пікірі

Батыс Қазақстан облысында әйел адам коронавирусты қайта жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында әйел адам коронавирусты қайта жұқтырған. Алғаш рет індет басталған уақытта, сәуір айында қауіпті вируспен ауырып, екінші рет тамызда қайтадан осы сырқатқа шалдыққан. Бұл туралы Батыс Қазақстан Обылысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Адамдар қандай жағдайда коронавирусқа екінші рет шалдығады? Дәл қазір Almaty.tv тікелей эфирінде пульманолог-фтизиатр дәрігер Абзал Малбасқанов мырза тұр.

– Абзал мырза, қайырлы кеш! Қазір ғана айтқан ақпаратты тыңдаған боларсыз. Яғни, адамдар коронавирусты екінші рет жұқтырған болса, онда иммунитет қалыптаспайды. Солай ғой?

– Сәлеметсіздер ме! Иә, сұрағыңызды түсіндім. Бұл сауалыңызға жауап ретінде енді, өкінішке қарай, иммунитеттің үш түрі болады: қысқа мерзімізді, ұзақ мерзімді және мәңгілік. Коронавирус кезінде мәңгілік уақыттағы болған жоқ және ұзақ мерзімді де болған жоқ. Бұл сұрақты көбінесе сырқаттанған адамдар және солардың туыстары, ауырмаудың амалын іздеп жүргендердің барлығы қойған. Батыс елдерінде қазіргі болып жатқан жағдайлар, жалғыз Қазақстанда емес, сол кісілердің арасында бұрын ауырған адамдар қазір қайтадан ауырғаны жиі тіркелуде. Бұл дегеніміз иммунитеттің тұрақты қалыптаспайтынын көрсетеді. Бұл дегеніміз қысқа мерзімді иммунитет. Яғни, егер де осы вируспен қайтадан бетпе-бет кездесетін болсақ, қайтадан ауыру қауіпі жоғары болады.  

– Жақсы. Ал, коронавирусты екінші рет жұқтырмау үшін қалай сақтануға болады? Дәрігер ретінде ақыл-кеңес берсеңіз.

– Мұны жиі айтып келе жатырмыз ғой. Қазіргі кезде ең тиімді тәсілдердің бірі – бетперде тағу. Вируспен бетпе-бет келген күннің өзінде көп мөлшерде бетперде ұстап қалады. Сіздің ағзаңызға вирус аз мөлшерде түссе, оны ағза тез жеңіп шығады және де арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарда көп жиналмау, той-томалақты, басқа да жиындарды азайтқанымыз дұрыс болады. Себебі қазақта айтады ғой, «өгізге туған күн бұзауға да туады» деп. Сол Еуропада болып жатқан карантин режимі бізде де болмас үшін, біз өзіміз әлеуметтік жауапкершілігімізді жоғарылатуымыз керек.

– Абзал Дүйсебекұлы, берген тұщымды ақпарыңызға рахмет!

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир