|
03.03.2020 | 23:27
8770

Коронавирустың алғашқы белгілері қандай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

strana.ua

Бүгінде қауіпті індетке айналған коронавирус шет аймақтарда өршіп тұрғаны жасырын емес. Еліміздің білікті мамандары да оның Қазақстан аумағына таралмауы үшін барлық шараларды жасап-ақ жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ. Тіркелмей-ақ қойсын. Ал, әуелі сақтық шараларын өзіңізден бастаған жөн-ау. Ол үшін нені қалай қолдану керек?

1-ҚИМЫЛ: Қауіпті індетті жұқтырмаудың бірден-бір оңтайлы жолы көпшілік жерлерде ұдайы маска тағып жүру. Қауіпті індет көбіне қыс, күз мезгілінде таралуы жоғары. Білмесеңіз, есіңізде сақтаңыз! Масканың 2 түрі бар: Біріншісі – жай ғана маска, оны әр 15 минут сайын жаңасына ауыстырып отыру керек. Екіншісі – респераторлы маска деп аталады. Бұл маска 1 күн бойына киіп жүруге жарамды.

2-ҚИМЫЛ: Қауіпті аурудың жеке гигена арқылы да жұғу ықтималдылығы жоғары. Сондықтан үйдегі және көпшілік көп шоғырланған жерлердегі дәретханаларда барынша тазалық сақтауға тырысыңыз. Дәретханаға кіргенде және ванна қабылдар алдында, аса мұқияттылықпен тазартып барып суға түскеніңіз жөн болады.

3-ҚИМЫЛ: Үйдегі бөлмелерді сондай-ақ дәретхана мен қол жуатын жерлердің терезесін жиі ашып, үйді желдетіп тұрған абзал.

4-ҚИМЫЛ: Мынандай қол сүртетін орамалдарды да жиі жуып, ауыстырып тұрғаныңыз өзіңіз үшін де отбасыңыз үшін де пайдалы.

5-ҚИМЫЛ: Дәретханадан шығар алдында қолыңызды антисептикалық сабынмен мұқият жуыңыз. Көбіне сұйық иіс сабын сатып алғаныңыз жақсы. Бұл жеке гигиена үшін аса маңызды.

6-ҚИМЫЛ: Сондай-ақ,  тағамдардан ет, жұмыртқаны барынша қайнатып, пісіріп барып жеу керек дейді мамандар. Және жабайы жануарлардан аулақ болыңыз.

Жөтелу, мұрын бітелу, бұлшық еттер мен буындардың қақсауы, дене қызуының көтерілуі – бұл коронавирустың алғашқы белгілері. Дәрігерлер бұл дертті әдеттегі тұмаумен немесе өткір респираторлық вирустық инфекциямен шатастыруға болмайтынын айтады. Ақ халаттылардың айтуы бойынша адам бойында суық тиген қандай да бір белгілер байқалған болса, үйде емделіп жатып алмай, емханаға барып көрініп, арнайы мамандардан кеңес алғаныңыз дұрыс. Жай ғана тұмау демеңіз. Денсаулық алдымен өзіңізге қымбат.

Ұлағат Арғынұлы, «Алматы» телеарнасы

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир