|
27.06.2022 | 10:39
859

Қырғызстаннан 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық көрші қырғыз елінен 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар "Чон-Капка - Автодорожный" бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған.

Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген.

Ер адам көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир