|
24.05.2022 | 11:16
482

Шымкентте өртенген ғимараттан ер адамның денесі табылды

Қазір қайтыс болған адамның кім екені анықталып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте өртенген ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

21 мамырда сағат 21:45-те "101" пультіне Шымкентте Тәуке хан даңғылы бойындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер қолданысқа әлі берілмеген ғимараттың (жалпы көлемі 400 шаршы метр) бірінші қабатында өрт шыққанын анықтаған.

Өрт 22:17-де ауыздықталып, 22:27-де сөндірілді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан жанып кеткен адамның мәйітін тапты. Қазір қайтыс болған адамның кім екені анықталып жатыр.

Шымкенттің полиция қызметкерлері өрттің шығу себебін  анықтап жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир