|
19.10.2020 | 15:37
1062

Қостанайда екі бірдей казино жасырын жұмыс істеп келген

Көлеңкелі кәсіп иелері қала аумағында арнайы орындарды жалға алған

көрнекі сурет

Қостанайда жасырын жұмыс істеп келген екі бірдей казино анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларды облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мен арнайы мақсаттағы «Қыран» бөлімшесі бірлесіп әшкерелеген. Түрлі құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көлеңкелі кәсіп иелері қала аумағында арнайы орындарды жалға алған. Ал ойынға 10 мың теңгеден артық сомаға фишкалар сатып алған адамдарды ғана қатыстырыпты. Тексеру барысында покер мен тағы 6 құмар ойындарына арналған үстел, фишкалар, бейнежазбалары бар ресивер, ойынға тігілген мөлшерлемелер туралы жазбалары бар журнал, электронды планшет және ақшалай қаражат тәркіленді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир