|
10.06.2022 | 16:03
596

Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласының соты Гүлмира Сатыбалдыға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты

Рhoto Тengrinews

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының сотына сілтеме жасап.

«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласының соты Қайрат Сатыбалдыұлымен Гүлмира Сатыбалдыға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.

«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, 2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген соттың баспасөз қызметінде.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

тергеу
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир