|
18.08.2022 | 16:44
721

Алаяқ сатушыны алдап, 10 қап қантты алып кеткен

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды

saryarka-samaly.kz

Түркістан облысында жас жігіт кассада отырған баланы алдап, дүкеннен он қап қантты алып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне дүкен иесі арызданды. Әйелдің айтуынша, танысы жалған түбіртек көрсетіп, он қап қантты алып кеткен.

Осы сәт видеоға жазылып қалды. Ер адам кассада отырған балаға танымал банк қосымшасындағы түбіртекті көрсеткен. Сосын дүкеннен оп-оңай шығып кетті.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.

Сол күні жас жігіт алдымен барлық қапты көлігіне салған. Сосын соңғы қапты аларда жалған түбіртек көрсетіп, оқиға орнынан қашып кетті. Артынан қанттың бәрін сатып, ақшасын жұмсап тастаған.

Дүкенге келген шығынның көлемі – 186 мың теңге. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, осы қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир