|
03.12.2021 | 18:35
807

Оралда полиция қызметкері өзін атып өлтірді

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Оралда 20 жастағы полиция қызметкері өзін атып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 08.00-дер шамасында жергілікті полиция басқармасының ғимаратында болған. Әріптестерінің айтуынша, марқұм жұмысына адал әрі өзін жақсы қызметкер ретінде көрсете білген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

«Себептер мен мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының негізінде басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир