|
26.10.2020 | 19:05
928

Қазақстанда бір аптаның ішінде жол апатынан 40 адам қайтыс болған

Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды

ашық дереккөзден

Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың жалдаған пәтерін тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленген. Ішкі істер министрлігі ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға және мінез-құлқын бақылауға кеңес береді. Бұдан бөлек, ол ауа райының сууына байланысты Қазақстан жолдарында көлік апаты көбейгенін ескертті. Небәрі бір  аптада жол апатынан 40 адам қаза болған.

«Бір аптада жалпы саны 209 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 40 адам қаза тауып, 235 адам жарақат алды. Суық түскен кезеңде жол үстіндегі қозғалысқа аса мұқият қараған жөн. Қауіпсіздік мақсатында Ішкі істер министрлігі алыс сапарларды ауа райы жағдайына қарай жоспарлауға шақырады. Тұман мен боран болжанған күндері қала сыртына шықпауға кеңес береді», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ал,  криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков Қазақстанда интернет-алаяқтық екі есе өскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, түркістандықтар қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға 1 миллиард теңге беріп қойған.

«Қазіргі уақытта Түркістан облысының полиция департаменті 217-бабы бойынша қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету туралы қылмыстық ісін тергеуде. Evolution corporation компаниясына қатысты іс қозғалды.  Ол пирамидаға қатысты барлық тұлғалар мен ұйымдастырушылары анықталды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық азамат осы алаяқтардың қолынан зардап шекті деп айта аламын. Шығын сомасы шамамен бір миллиард теңгені құрайды. Жалпы, тергеу жалғасуда, менің ойымша, нәтиже болады», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир