|
13.05.2022 | 19:20
732

Түркістан облысында психотроптық дәрі-дәрмек сатқын әйел ұсталды

Күдіктіден құрамында есірткі бар заттың 35 данасын тәркіледі

Almaty.tv

Түркістан облысында психотроптық дәрі-дәрмектер сатып келген 61 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Жергілікті тәртіп сақшылары қылмыстың үстінен түсіп, күдіктіден құрамында есірткі бар заттың 35 данасын тәркіледі. Ұсталған әйел өз кінәсін толық мойындады.

«Аталған жайт Келес аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттар Түркістан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау департаментіне жолданды», – деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Даурен Сартаев.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир