|
12.08.2022 | 19:32
1827

Нұр-Сұлтанда пара алған теміржолшылар ұсталды

Олардың заңға қайшы әрекеті видеоға түсіп қалды

Бейнебақылау камерасы

Нұр-Сұлтанда пойызды тексермегені үшін пара алып келген теміржолшылар ұсталды. Заңбұзушылыққа барғандар лауазымды қызметінен қуылып, енді 6 милиион теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндетті. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақпаратқа сүйенсек, парамен ұсталған 2 адам «Экспресс» филиалында жұмыс істеген. Олар өзіне қарасты аумақпен жүретін «Тұлпар-Тальго» пойызын тексермей өткізіп жіберу үшін ақша талап етіп отырған. Алайда бұл жолы олардың заңға қайшы әрекеті видеоға түсіп қалды. Онда теміржолшылардың қолма-қол пара беріп жатқаны анық көрінеді.

«Барлығы 27 эпизод анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир