|
27.10.2021 | 21:09
1428

Жамбыл облысында дастархандас болған бес адам бір-бірімен төбелесіп, екеуі қаза тапты

Жарақат алған бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Видеодан кадр

Отырыстың соңы өлімімен аяқталды. Жамбыл облысы Шу қаласында дастархандас болған бес адам бір-бірімен төбелесіп, екеуі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәліметтерге сүйенсек, қайғылы жағдай кешкі сағат 21.00 шамасында болған. Бір үйде бас қосқан бес адам ішімдікке тойып алып, бір-бірімен ерегесіп, аяғы жаға жыртысуға ұласқан.

Жанжал кезінде үш адам ауыр жарақат алған. Оның екеуі сол жерде жан тапсырса, біреуі ауруханаға хәл үстінде жеткізілген. Қазір оның өмірімен дәрігерлер күресіп жатыр.

Белгілісі, сол жердегі 34 және 44 жастағы екі жергілікті тұрғын күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды. Қазір дерекке қатысты іс қозғалып, тергеу жүруде.

«Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігімен 2 және одан көп адамдарды өлтіру дерегі бойынша тергеліп жатыр. Олардың саны – екеу. Заңнамаға байланысты олардың аты-жөнін әзірге айта алмаймыз», – деді облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Еділ Мұхатай.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир