|
14.12.2019 | 00:11
1583

Еуразиялық музыка сыйлығының иегерлері анықталмақ

Ауқымды жоба Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында өтеді

MuzZone телеарнасының бастамасымен ұйымдастырылып отырған республикалық байқау биыл сегізінші рет өткелі отыр. Музыкалық премияда шоу-бизнес өкілдерінің арасындағы талғамы биік көрерменнің көңілінен шыққан мықтылар марапатталмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ауқымды жоба Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында өтеді. Байқауда өнер жұлдыздары 15 аталым бойынша марапатталады. Биыл бірінші рет жобаны қазақстандықтар Алматы телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

«Біз «Алматы» телеарнасы ұжымын жақсы көреміз, серіктеспіз, доспыз. Биыл бұл арнаға 20 жыл. Муззон телеарнасына 13 жыл, одан кейін Тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі. Осы бірнеше мейрамға орай ауқымды тележобаны ұйымдастырып отырмыз. Мұнда бірнеше хит әндер орындалады. Концертке барша алматылықтарды шақырамыз», - деді жоба продюсері Дмитрий ШОК.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

концерт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир