|
15.08.2019 | 10:14
9411

"Жансақтау бөлімінде": Индира Расылханның қазіргі жағдайы қалай?

Әншінің көмекшісі отаның сәтті аяқталғанын мәлімдеді

Отандық танымал әнші Индира Расылхан ауруханада жатыр. Денсаулығы сыр берген эстрада жұлыдызына ота жасалды. Бұл туралы әншінің көмекшісі Instagram парақшасында жазады.

Индира Расылханның Арай есімді көмекшісі әншінің атынан дұға-тілекте болған көпшілікке алғыс білдіріп, отаның сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

"Аллаға мыңда бір шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталды. Қазір жансақтау бөлімінде! Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменінің шынайы тілекшісі екені, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр!

Екі сағатқа жоспарланған ота, бір сағатқа толмай сәтті аяқталды! Алаңдап жазған хаттарыңызбен, қоңырауларыңыз үшін үлкен рахмет! Көптің жақсы тілегімен аман-есен сол күндерді артқа тастадық! Алла қаласа, орталарыңызға әсем әнімен оралуын жазсын!", - деп жазды көмекшісі Арай.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылханның өзі үшін дұға жасауын сұраған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир