|
19.09.2019 | 13:33
2273

Таяуда ғана жатын киіммен қызойнақ өткізген әнші Луина енді мешітте некелесті

«Құттықтасаңыздар болады, енді әйелімін», - деп жазды Луина.

Тұрмысқа шыққалы жатқан әнші Луина бүгін мұсылманша неке куәлігін алды, деп жазады sn.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жариялады. Қуанышты жаңалығымен бөліскен әнші жақында жатын киіммен қызойнақ өткізген болатын. Ал бүгін мешіт алдында суретке түскен әнші шариғат бойынша некелескендерін мәлімдеді.

«Құттықтасаңыздар болады, енді әйелімін», - деп жазды Луина.

Алла үйінің алдында орамал тағып түскен суретіне жұртшылық риза болып, бақытты болуын жарыса тілеп жатыр.

«Бақыт тілейміз», «Құттықтаймыз», «Артем мұсылман болғаны ма?», «Мынадай киім өзіңізге жарасып кетеді екен», «Күте білген адам ең жақсысына кезігеді», «Жаным, бақытты бол!», «Жабық киім сондай жарасымды, осылай жүріңізші», «Күйеуің орыс емес пе? Неге мешіт?», «Күндіз имам, түнде Иван болуыңды қой енді», - деп жазды желі қолданушылар.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

неке мешіт
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир